БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР - ҚАЗАЛЫДА

 

Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушы-профессорлық құрамы Қазалы қаласы, Әйтеке би кентінде орналасқан бірқатар жалпы білім беретін мектептерді аралап, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара аясында білім беру ұйымдарының өкілдері С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектебі, №276 орта мектебі, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектебі, Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектебі, Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия, Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектебі, №288 орта мектебі, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейі, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейі, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі, сондай-ақ №266 мектеп-лицейі мен №170 орта мектебі сынды білім ордаларында болды.

 

Кездесу барысында оқушыларға жоғары және арнаулы орта білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктер, мамандықтар түрлері, оқу орнына түсу талаптары мен артықшылықтары туралы толық ақпарат беріліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, оқу орнындағы білім беру бағдарламалары, студенттік өмір, халықаралық байланыстар және практикадан өту мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.