ОБЛЫСТЫҚ ОЛИПЛИАДАДА БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР БОЙ КӨРСЕТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша колледждер мен жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Қаржылық қауіпсіздік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында облыстық олимпиада өткізілді.
Аталмыш олимпиадада Қызылорда ашық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Еримбетова Бекзат Аристанбековнаның жетекшілігімен Ср-24-1 оқу тобының студенттері Орынбасарова Диана Қайратқызы, Бердіғали Зере Мұратқызы, Ғалымжанқызы Бағымжан командалық құрамда «Қаржылық қауіпсіздіктің қамтамасыз ету әдістері» тақырыбындағы зерттеу жобаларын сәтті қорғады. Топ капитаны ретінде дәл осы оқу тобының білім алушысы Орынбасарова Диана Қайратқызы таңдалды.
Олимпиада нәтижесінде студенттеріміз өздерінің аналитикалық ойлау қабілеттерін және ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғау дағдыларын көрсете білді. Жалпы, аталмыш бағыттағы білім додалары студенттердің шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттырып, олардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.