ӘРІПТЕСІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Әлібекова Айгүл Бекқожақызын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 527 бұйрығына сәйкес 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жоғары ғылыми атақ – Сіздің ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегіңіздің, кәсіби шеберлігіңіздің, білім мен ғылым саласына қосқан зор үлесіңіздің жарқын нәтижесі.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен тың идеялар, қажырлы еңбек пен биік белестер тілейміз!