ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қызылорда ашық университетінің Құқықтану білім беру бағдарламасының Ю-23-1 оқу тобының студенттері Қызылорда облысының полиция департаментінің ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Нұрбол Нұрланбекұлымен кездесті.

Кездесу барысында студенттер полиция қызметінің негізгі міндеттері, ювеналды полицияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу іс-шаралары туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрланбекұлы өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге құқық қорғау саласындағы жұмыстар мен полиция қызметкерлерінің міндеттері туралы кеңестер берді.