«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

🌍21 сәуір күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі өтті. Аталған шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегациялар мен экологиялық бастамаларды қолдайтын жастардың басын қосты.

📌Фестиваль аясында Қызылорда облысының делегациясы құрамында Қызылорда ашық университеті Мансап орталығының маманы Саят Дүйсенбекұлы, сондай-ақ, университетіміздің белсенді жастары – қалалық волонтерлер арасында ұйымдастырылған «Жыл үздігі-2024» номинациясының жеңімпазы, биші, Д-23-1 оқу тобының студенті Нұрай Ғазизқызы, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы, университет көшбасшысы, биші, жүргізуші, ЭН-23-1 оқу тобының студенті Мағжан Мейрамбекұлы да бар.

✅Белсенді жастар фестиваль аясында өткен түрлі шеберлік сабақтарына, еріктілер форумына қатысып, заманауи экологиялық трендтер мен бастамалар туралы мол мағұлмат алды. Бір сөзбен айтқанда, фестиваль жастардың экологиялық сауаттылығын арттырумен қатар, өңіраралық байланысты нығайтып, экологиялық мәдениетті дамытудың жарқын үлгісіне айналды.