МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Қызылорда ашық университетінің профессор-оқытушылар құрамы Адамбаева Айжан, Ахметова Гүлназ, Примжанова Амина және Ерімбетова Бекзат №5 орта мектебі, №8 орта мектебі, №9 орта мектебі, №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейі, №140 мектеп-лицейі, №171 орта мектебі, №217 Б.Шалғынбаев атындағы мектеп-лицейі және №233 Ы.Жақаев атындағы мектеп-лицейіне барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында оқушыларға университет мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, кәсіби бағдар алуға көмектесетін кеңестер берілді. Сонымен қатар, оқу барысы, студенттік өмір және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде мәліметтер ұсынылды.