ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКІСТАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДА БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Қызылорда ашық университеті мен Ташкент архитектуралық-құрылыс университеті (ТАҚУ) стратегиялық академиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басып, «Жасанды интеллект» бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірледі.

Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі мен ТАҚУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Бахром Абдукабилович Тулагановтың шақыруымен Қызылорда ашық университетінің Құрылтайшылар кеңесінің мүшесі Мұрат Кылышбайұлы Бисенов бастаған делегация Ташкентке жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, оқу жоспарларын бекіту, академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Жасанды интеллект бағдарламасының құрылуы екі елдің цифрлық экономика саласындағы кадрлар даярлау бағытындағы басымдықтарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

«Біз цифрландыру дәуірінде өмір сүреміз, және жасанды интеллект болашақтың бағытын айқындайды. Осы салада білікті мамандар даярлау — біздің басты міндетіміз».

Бұл бірлескен бастама деректерді талдау, машиналық оқыту, интеллектуалды жүйелер және қолданбалы математика саласында жаңа буын мамандарын даярлаудың маңызды алаңы болмақ.

Сапар барысында тараптар келесі мәселелерді де талқылады:

🔹 Студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуларын кеңейту;
🔹 Бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру;
🔹 Екі университеттің базасында цифрлық зертханалар мен ЖИ орталықтарын құру.

Қызылорда ашық университеті Орта Азияның жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстарды нығайтуды өзінің халықаралық стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырады, бұл өз кезегінде өңірдегі технологиялық көшбасшылықты қалыптастыруға бағытталған.

🤝 Бұл ынтымақтастық — Қазақстан мен Өзбекстанның жастарының интеллектуалдық әлеуетін дамытуға зор үлес қосып, оларды цифрлық дәуірдің талаптарына сай дайындауға ықпал етеді.