Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнінің кезекті легінде қала мектептерінен келген жоғары сынып оқушылары оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтқанда:
* №217 Б.Шалғынбаев атындағы ІТ мектеп-лицейі;
* №9 Н.Ильясов атындағы мектеп-гимназиясы;
* №11 Ә.Тыныбаев атындағы мектеп-лицейі;
* №120 Жамбыл атындағы орта мектебі.
Білім алушыларға оқу орнының жетістіктері, оқу бөлімдері мен зертханалары таныстырылып, түрлі танымдық шеберлік сағаттары мен мамандықтар бойынша кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, студенттік өмір, жатақхана жағдайы, қабылдау талаптары туралы да ақпарат берілді.