ОҚУ- ТӘРБИЕ ПРАКТИКАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Қызылорда ашық университеті
Информатика білім беру бағдарламасы
ИНФ-22-1 оқу тобының студенттері кәсіби (оқу-тәрбиелік, педагогикалық бағыттағы) өндірістік тәжірибеден өтуде.

📅 Тәжірибе мерзімі: 24.03.2025 – 25.04.2025
📌 Тәжірибе түрі: Кәсіби практика (оқу-тәрбиелік, педагогикалық бағыт)

Практика барысында білім алушы Ерланқызы Перизат №15 мектеп-лицейінің:

  • 6 "Ә" сыныбында «Жасанды интеллект» тақырыбында тәрбие сағатын;
  • 5 "В" сыныбында «Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ал Ерболатова Нурайлым аталған мектептің:

  • 6 "А" сыныбында «Жолда жүру ережесін қайталау» тақырыбында тәрбие сағатын;
  • 5 "Г" сыныбында «Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды.

Практика барысында жинақталған тәжірибе болашақ кәсіби қызметтеріне берік негіз қалайды деп сенеміз.