Жастардың болашағы — біздің қолымызда!
Қызылорда ашық университетінің профессор-оқытушылары — Елубаева Жайна Елубайқызы және Ғани Айзат Мұратбекқызы кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесулер өткізді.
Атап айтқанда:
- №257 орта мектебі,
- №172 Нәлқожа Ергешбаев атындағы орта мектеп,
- №176 орта мектебі,
- №11 Әбубәкір Тыныбаев атындағы мектеп-лицей.
Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, мемлекеттік гранттар, қолжетімді оқу ақысы, академиялық ұтқырлық және жатақхана жағдайы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Болашақ түлектерге бағыт-бағдар беру мен дұрыс таңдау жасауға ықпал ету — біздің басты міндеттеріміздің бірі.