ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫНА УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары Қауымдастығының  «Мамандарды озық даярлау жүйесі – қазақстандық экономиканы дамытудың негізі» тақырыбындағы жалпы жиналысы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде өткізілді.✅

Жиынға еліміздің жетекші университет ректорлары, сарапшылар мен салалық ұйым өкілдері қатысып, білім мен еңбек нарығы арасындағы байланысты терең талқылады.

📌Аталмыш жиналысқа Қызылорда ашық университеті Құрылтайшылар кеңесінің мүшесі Бисенов Мұрат Қылышбайұлы мен Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Әлібекова Айгүл Бекқожақызы арнайы қатысты.