📍 А.Алибекова кәсіби біліктіліктер бойынша оқыту семинарына қатысты

 

2025 жылдың 14 мамырында Астана халықаралық университеті базасында жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер жөніндегі проректорларына арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті, Еңбек ресурстарын дамыту ұлттық орталығы, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы және Erasmus+ ұлттық кеңсесі ұйымдастырды.

Қызылорда ашық университеті атынан семинарға академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Алибекова қатысты.

🔍 Семинар барысында түлектердің біліктіліктері мен сертификаттарын тану мәселелері, сондай-ақ ҚР «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңы аясында әзірленген цифрлық платформалар таныстырылды:

  • Career.enbek — студенттердің тәжірибесін ұйымдастыруға арналған платформа;

  • Skills.enbek — кәсіби дағдыларды бағалау және дамыту құралы;

  • Enbek.kz — кәсіби стандарттардың бірыңғай базасы.

Бұл платформаларды білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және сапаны басқаруда тиімді қолдану жолдары талқыланды.

Университет өкілдерінің мұндай семинарларға қатысуы — еңбек нарығының сұранысына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған ұлттық реформаларға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.