📍 Семинардың 2 күні: Болон процесі шеңберінде біліктіліктерді тану туралы

 

2025 жылдың 15 мамырында Назарбаев Университеті базасында Болон үдерісі аясында біліктіліктерді тану тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараны Жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобы (HERE), Erasmus+ ұлттық кеңсесі және Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Қызылорда ашық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.Алибекова мен Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор м.а. А.Мұхамбетжан қатысты.

🔹 Семинар шеңберінде келесі тақырыптар қарастырылды:

  • білім беру стандарттарын халықаралық талаптармен үйлестіру,

  • академиялық біліктіліктер мен құзыреттерді тану қағидаттары,

  • Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін Еуропалық жоғары білім кеңістігіне (EHEA) интеграциялау.

📈 Семинар тәжірибе алмасу, біліктіліктерді танудағы өзекті мәселелерді талқылау және ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

Алынған білім мен тәжірибелер университеттің академиялық саясатын жетілдіру, білім беру бағдарламаларын дамыту және халықаралық мобильділікті кеңейту ісінде қолданылады.