📢 Біздің ұстазымыз халықаралық білім беру бағдарламасынан сәтті өтті!

Университетіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қалмырзаева Арайлым Асылханқызы @worldlearning ұйымы ұйымдастырған C5+1 Education Connects бағдарламасына қатысып, үлкен жетістікке жетті.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде Арайлым Асылханқызы онлайн оқудан өтіп, кейін Алматы қаласында өткен бір айлық офлайн оқуға жолдама жеңіп алды. Бұл бағдарлама Орталық Азиядағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды халықаралық жоба болып табылады.

C5+1 Education Connects аясында ұстазымыз білім беру саласындағы заманауи әдістемелерді меңгеріп, халықаралық тәжірибемен танысып қайтты. Бұл жетістік – университетіміз үшін үлкен мақтаныш.

Біз ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз және кәсіби дамуына сәттілік тілейміз! 🌟 .

@worldlearning

\#C5plus1 #EducationConnects #WorldLearning #TeacherDevelopment #InternationalEducation #ProudUniversity