МЕНІҢ АРМАНЫМ - ҮЗДІК МАМАН БОЛУ

Жалғасбекова Айгерім Әскербекқызы Қызылорда ашық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығына мемлекеттік грантқа түскені жайлы қуана хабарлап, бұл қуанышты сәтке білімге деген шынайы құштарлығы мен ата-анасының қолдауы арқылы жеткендігін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы оқу жылында өз саласының үздік маманы атанып, еліміздің мәдениеті мен білім саласына үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.

«Кітапхана ісі» мамандығында оқуыңыз сәтті болып, болашақта үлкен жетістіктерге жете беріңіз! 💐