Жаңа тағайындау
«Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесінің жалғыз құрылтайшысы Қ.А. Бисеновтің шешімімен 2025 жылғы 25 тамыздан бастап университеттің штаттық кестесіне «Инновациялық жұмыстар және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор» лауазымы енгізілді. Аталған қызметке физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы тағайындалды. Жаңа проректордың алдында университеттің инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу жобаларын ілгерілету, халықаралық байланысты кеңейту, қоғаммен және әріптес ұйымдармен байланысты нығайту міндеттері тұр. Қызылорда ашық университетінің ұжымы Бақытхан Жүнайдұлын жаңа қызметімен құттықтап, табыс тілейді!