«KitapTime – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті
2025 жылғы 24 қыркүйек күні Қызылорда қаласының астана мәртебесіне ие болғанына 100 жыл толуына орай Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын кітап фестивалін жоғары деңгейде өткізді.
Фестиваль аясында Қызылорда ашық университетінің қорындағы жаңадан түскен басылымдар мен оқырмандар арасында кеңінен сұранысқа ие әдебиеттерден құралған «Алаштың анасы, бақыттың қаласы – Қызылорда» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсат – әдебиетке, кітап оқуға қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларды насихаттау, сондай-ақ Қызылорданың рухани келбетін дәріптеу.
Көрме Қызылорда ашық университетінің кітапхана меңгерушісі Сейіл Ақзира Орынбасарқызы мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі Егізбаева Айгүл Әбутәліпқызының ұйымдастыруымен өтті. Шараға оқу орнының студенттері белсене қатысып, көрмені тамашалады. Қатысушылар көрмеден Қызылорда тарихына, Алаш қозғалысына және заманауи әдеби үдерістерге қатысты құнды ақпараттар алып, әдебиет әлеміне терең бойлады.
Фестиваль аясындағы шаралар қала тұрғындарына рухани серпін сыйлап, кітап оқудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.