VIII Еуразиялық форум өтуде
26 қыркүйек күні Астана қаласында Maqsut Narikbayev University базасында VIII Еуразиялық форум өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен IQAA ұйымдастыруда.
Биылғы форумның тақырыбы – «Стратегии под давлением: новые технологии и вызовы для университетов». Шараға Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, сарапшылар қатысып, жасанды интеллект, цифрландыру және микроквалификация мәселелері талқылануда.