ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖОЛДАУ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, логистика саласын жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу сияқты өзекті мәселелер кеңінен қамтылды. Сондай-ақ, Жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы қоғам өміріне жаңа өзгерістер енгізу қажеттілігі атап өтілді. Бұдан бөлек, елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған маңызды саяси реформалар жасалатыны жарияланды.
📌Аталған Жолдауды бүгін Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің профессор-оқытушылары да тамашалап, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Оқу орындарының ұжымдары Президент көтерген бастамаларды қолдап, білім беру саласында да жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенім білдірді.