СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Қызылорда ашық университетінің белсенді студенттері 1-курсқа қабылданған білім алушылармен арнайы кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты жастарды университеттің белсенді өміріне тарту, жаңа ортада өзара қолдау мен ынтымақтастық орнату, студенттік бастамаларды дамытуға жол ашу болды.

Кездесу барысында университет жастары еріктілік қозғалыстары, мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ, белсенділік танытқан жағдайда студенттерге жеке қабілеттерін дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға және түрлі жобаларға қатысуға кең жол ашылатыны айтылды.

Жаңа оқу жылын тың серпінмен бастаған бірінші курс студенттері белсенділердің ұсынысын қуана қабылдап, алдағы уақытта университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласуға ниетті екендігін жеткізді.