САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ
Қызылорда ашық университетінің 1 курс студенттеріне жастар арасында алаяқтық әрекеттердің алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сақтық шараларын түсіндіру мақсатында жиын ұйымдастырылды.
📌Шараға ОПДКҚІБ жедел уәкілі, полиция подполковнигі Н. Ермаханов және Қазақстан Халық банкі АҚ Қызылорда облыстық филиалы бизнес орталығының басшысы Ғ. Ө. Жанбаев арнайы қатысып, студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Спикерлер алаяқтықтың түрлері, интернет және мобильді қосымшалар арқылы жасалатын қылмыстардың жиі кездесетін жағдайлары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, банк карталары мен жеке деректерді қорғаудың жолдары, күмәнді сілтемелер мен ұсыныстардан сақтанудың тәсілдері айтылды.
✅Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, нақты мысалдар арқылы түсіндірмелерді тыңдады. Ұйымдастырушылар жастарды әрқашан сақ болуға, бейтаныс адамдардың уәделеріне сенбеуге және күмәнді жағдай туындаса дер кезінде құзырлы органдарға жүгінуге шақырды.