PROFMарафон: Мейірім әлеуметтік жобасы!
Оқу орнымыздың студенттері 1 қазан – Қарттар күніне орай тағылымы мол жиын ұйымдастырып, қарттарымызға құрмет көрсетті. Шара барысында ардақты қазыналы қарттарымызға ізгі тілектер айтылып, жастар ұрпақтар сабақтастығының мәнін тағы бір айқындады.
Жиыннан кейін студенттеріміз сенбілік жұмыстарын атқарып, туған өлкемізге деген сүйіспеншілікті іс жүзінде дәлелдеді. Бұл игі іс жастардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамға пайдалы болуға шақырды.