ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ
Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің бірлескен ұйымдастыруымен студенттердің атынан «Ұстазым – бар сенің қасиетің» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның салтанатты ашылуында университет ректоры құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға деген ыстық ықыласы мен алғыс сезімін білдірді. Білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік марапаттар табысталды.
Студенттер өз ұстаздарына деген алғысын әсем әнмен, әсерлі жырмен және жүрек тебіренткен билерімен жеткізді. Әсіресе студенттердің ұстаздарын ортаға шақырып, вальс биін орындауы кештің ең әсерлі сәттерінің бірі болды.
Мереке барысында ұстаздар қауымы жас буынның өнерін тамашалап, студенттердің шынайы ықыласына бөленді. Бұл шара ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен құрметтің, ризашылық пен рухани байланыстың жарқын көрінісіне айналды.
Осылайша, ұстаздарға арналған мазмұнды мерекелік кеш өз мәресіне жетіп, қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.