Қызылорда Ашық Университеті мен Азия Халықаралық Университеті арасында ынтымақтастық орнатылады

   Қызылорда Ашық Университеті мен Өзбекстан Республикасындағы Азия Халықаралық Университеті арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы келіссөздер жүргізілді.
Тараптар академиялық байланыстарды нығайту мақсатында екіжақты меморандумға қол қою, студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, мақалалар жариялау, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.
   Азия Халықаралық Университеті 2022 жылы тарихи Бухара қаласында құрылған. Бүгінде университетте 30 000-ға жуық студент білім алуда және 500-ден астам жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарады. Оқу орны халықаралық деңгейдегі MBA, BSIT, BSBA, MD/MBBS сияқты заманауи бағдарламаларымен танымал. Сонымен қатар, университет Вашингтон Ғылым және Технология Университетімен бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.
Болашақта аталған ынтымақтастық аясында екі университет білім беру мен ғылым саласында ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ниетті.