Қызылорда – құт мекенім!

   Қызылорда қаласының Қазақ КСР-інің алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай және Қала күні мерекесі аясында «Қызылорда – құт мекенім» атты мерекелік шара өтті.

Кешке жиналған қонақтар мен тұрғындар үшін сыр елінің жас өнерпаздары әсерлі әндер мен көркем билерін тарту етті.

Әсем әуен мен шабытқа толы қойылымдар көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлап, қаланың мерейтойын ерекше шаттықпен атап өтуге мүмкіндік берді.

«Туған жердің түтіні де ыстық» демекші, бұл мереке әр қызылордалықтың жүрегінде туған елге деген сүйіспеншілікті тереңдете түсті.