Экологиялық мәдениет – жастар назарында

  Бүгін Қызылорда ашық университетінде Құқық және қызмет көрсету кафедрасының ұйымдастыруымен экологиялық тәрбие сағаты өтті.

  Кездесуге Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Сәуле Каримова және тағылымдамадан өтуші қызметкер Өтеген Аружан арнайы қатысып, студенттерге департаменттің негізгі қызмет бағыттары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен экологиялық бастамалар туралы кеңінен мағлұмат берді.

  Кездесудің басты мақсаты – жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттыру.

  Шара барысында мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, экологиялық құқық пен табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.