«Жайдарман» іріктеу кезеңі өтті

33 қазан күні оқу орнымызда облыстық «Жайдарман» ойындарына қатысатын командаларды анықтау мақсатында іріктеу кезеңі өтті.
Түрлі мамандықтардың студенттері тапқырлық пен әзілді ұштастыра отырып, өз өнерлерін көрсетті. Командалар ерекше сахналық бейнелері мен шығармашылық қойылымдары арқылы жоғары дайындық деңгейін танытты.

Шараның мақсаты – жастардың өнері мен шығармашылығын дамыту, командалық рухты қалыптастыру және студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын арттыру.
Іріктеу қорытындысы бойынша үздік командалар 15 қазан күні өтетін облыстық «Жайдарман» сайысына жолдама алды.