Болгария ғалымы Қызылорда ашық университетінде дәрістер өткізуде

  Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 20–31 қазан аралығында Қызылорда ашық университетінде Болгария Республикасындағы Тракий университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (DSc), психология докторы (PhD) Жанета Стойкова Добрева онлайн форматта дәрістер өткізуде.

  Профессордың дәрістері «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналып ұйымдастырылған.

  Оқу барысында ғалым 2-курс студенттеріне — «Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызмет», ал 3-курс студенттеріне — «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес беру» пәндері бойынша дәріс оқуда.

  Бұл бастама университеттің халықаралық ынтымақтастығын арттырумен қатар, студенттердің кәсіби біліктілігін дамытуға және шетелдік тәжірибемен танысуына үлкен мүмкіндік береді.

  Қызылорда ашық университеті халықаралық серіктестік бағытындағы жұмысын одан әрі кеңейтіп, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруді жалғастыруда.