Инклюзивті білім беру: тәжірибеден теорияға
Қызылорда ашық университетінің Педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ешимова Ұлтай Зикирқызы «Инклюзивті білім беру» пәнінен мазмұнды практикалық сабақтар өткізді.
Сабақтар барысында ПП-23-1, ПМНО-23-1, СР-23-1, ДО-23-1 және Д-25-1 топтарының студенттері ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дағдыларын дамыту, аутизм белгілерін ерте анықтау және ата-аналармен тиімді байланыс орнату бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.
Студенттер “Танграм” әдісін қолданып, инклюзивті ортада оны қолдану тәсілдерін тәжірибеде меңгерді.
Ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланыс моделін әзірлеп, жобалық жұмыстарын қорғады.
Практикалық сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталды.


