Республика күніне арналған мерекелік шара өтті
Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде Республика күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл мереке – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, ұлт рухының асқақ көрінісі.
Іс-шара барысында студенттер патриоттық әндер шырқап, би билеп, әсерлі өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, ұлттық рухты көтеретін күйлер орындалып, студенттердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Шара көрермендерге ерекше әсер қалдырып, рух пен мақтаныш сезімін оятты.
Мерекелік кеш барысында ұстаздар мен студенттерді Республика күнімен құттықтап, егемен еліміздің болашағы жарқын болсын деген ізгі тілектерін білдірді.
Мереке соңы көтеріңкі көңіл-күймен, бірлік пен ынтымақ рухында қорытындыланды.
Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Еліміздің еңсесі биік, болашағы баянды, тәуелсіздігі мәңгі болсын!


