Құрметті кітапхана қызметкерлері!
Сіздерді кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – рухани қазынаның сақшыларына, білім мен мәдениеттің шырақшыларына арналған ерекше күн.
Университетіміздің кітапханасында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан ұжым мүшелері – кітапхана меңгерушісі Сейіл Ақзира Орынбасарқызы және кітапханашы Егізбаева Айгүл Әбутәліпқызы өз ісінің нағыз майталмандары. 40 жылдан астам уақыт бойы кітапқа деген құрмет пен оқырманға деген жауапкершілікті биік ұстап, талай буын студенттің сапалы білім алуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сонымен қатар, кітапхана ісі білім беру бағдарламасының оқытушылары – Есмағанбетова Гүлнара Қалиқызы мен Қоспанова Айымкүл Омарқызының еңбегі де ерекше. Олар студенттерге кітапханатану, ақпараттық мәдениет пен ізденіс дағдыларын үйретіп, болашақ мамандарды даярлауда айрықша үлес қосып келеді.
Кітапханашылардың және мамандардың басты міндеті – кітап қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру, оқытушылар мен білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру, ақпарат саласындағы жаңалықтарды зерделеп, оны оқу процесінде тиімді пайдалану. Сіздер осы міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып, университеттің ғылыми және рухани ортасын қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып келесіздер.
Шығармашылық табыс, мықты денсаулық, жаңа идеялар мен оқырман алғысына бөлене берулеріңізге тілектеспіз!
Еңбектеріңіз еленіп, жұмыс орындарыңыз әрдайым ізденіс пен білімнің ордасы болып қала берсін!
Құрметпен,
Қызылорда ашық университетінің басшылығы

