II Халықаралық киберқауіпсіздік форумы – «International Cyber Forum 2025»

  Ефросиния Полоцкая атындағы Полоцк мемлекеттік университеті II Халықаралық киберқауіпсіздік форумын – «International Cyber Forum 2025» ұйымдастырды. Қызылорда ашық университеті халықаралық форумға қатысып, киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи шешімдерді талқылауға өз үлесін қосты.

  Аталған халықаралық форум киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат пен жастар саясатын біріктіре отырып, ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған.

  Форумның басты мақсаты – қатысушылардың күш-жігерін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, кибершабуылдардың алдын алу.

  Сонымен қатар, форум жас мамандарды қолдау мен дамытуға, олардың киберқауіпсіздік саласында кәсіби білім, білік және дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

  Университет өкілдері ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, кәсіби ынтымақтастықты нығайтты.