Болашаққа бағытталған әріптестік: Қызылорда ашық университеті Стратегиялық форум алаңында

  Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен II Стратегиялық әріптестер форумы өз жұмысын бастады. Бұл маңызды алаңда жетекші жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдар өкілдері стратегиялық әріптестікті дамыту, инновация бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылауда.

  Форум бағдарламасына сәйкес 30 қазанда түрлі бағыттар бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Қызылорда ашық университетінен шараға ректор міндетін атқарушы, физика-математика ғылымдарының докторы Абдикаримов Бақытхан Жүнайдұлы қатысуда.

  Форум аясында ол жасанды интеллект (ЖИ) технологияларына арналған арнайы көрмені аралап, отандық және шетелдік әзірлеушілердің инновациялық жобаларымен танысты.

  Бұл форум – еліміздің ғылым мен білім саласындағы жаңа серпін мен халықаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.