Ашық университетінің білім алушылары ICPC 1/8 кезеңінен сәтті өтіп, келесі кезеңге жолдама алды

 2025 жылғы 26 қазанда онлайн форматта өткен ICPC – 1/8 финалдық кезеңінде Ашық университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

 ICPC (International Collegiate Programming Contest) – бұл әлем бойынша ең беделді халықаралық студенттік командалық бағдарламалау чемпионаты. Аталған жарыс бірнеше кезеңнен тұрады және студенттерге өздерінің алгоритмдік ойлау қабілетін, логикалық талдау дағдыларын және командалық жұмыс мәдениетін көрсетуге мүмкіндік береді.

 Ашық университетінің намысын қорғаған команда құрамында келесі студенттер болды:
• Русланұлы Диас, ВТиПО-25-1 оқу тобы;
• Джунуспаев Ильяс, ВТиПО-23-1 оқу тобы;
• Құрманбаев Дамир, ВТиПО-23-1 оқу тобы.

 Бұл жетістік – студенттердің табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ университет оқытушылары мен тәлімгерлерінің кәсіби қолдауының нәтижесі.

 Спорттық бағдарламалау жарыстары жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстандағы бағдарламалау мәдениетін дамытуға зор ықпал етеді.

 Ашық университеті өз студенттерінің халықаралық деңгейде білім мен біліктілікті танытып жүргенін мақтан тұтады және болашақта жаңа жетістіктер мен жеңістерге жететініне сенімді.