Қызылорда ашық университеті мен Азия халықаралық университеті өзара ынтымақтастық орнатты

Қызылорда Ашық университеті мен Азия Халықаралық университеті арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат аясында тараптар академиялық байланыстарды нығайту, студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу және ортақ білім беру бағдарламаларын дамыту бағыттарында бірлесе жұмыс атқармақ.

Бұл келісім екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашты.