«Жасанды интеллект негіздері және ERP технологиясы» пәні бойынша дәріс өтілуде
Ашық университетінде «Жасанды интеллект негіздері және ERP технологиясы» пәні бойынша дәрістер жалғасуда. Сабақты Америка Құрама Штаттарынан онлайн форматта (Zoom платформасы арқылы) қосылып жатқан оқытушы, Дауренбеков Қуанышбек жүргізуде.
Дәріс барысында студенттер жасанды интеллекттің заманауи бағыттарымен, ERP жүйелерінің кәсіпорын басқару саласындағы рөлімен және олардың өзара интеграциясының тиімділігімен танысуда.
Қашықтан өткізіліп жатқан бұл сабақтар студенттердің халықаралық тәжірибемен танысуына және шетелдік мамандардан тікелей білім алуына мүмкіндік беріп отыр.
Аталған пәннің негізгі мақсаты — болашақ мамандардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ жасанды интеллект пен ERP шешімдерін кәсіби ортада тиімді қолдануға үйрету болып табылады.