Халықаралық тәжірибе алмасу дәрістері басталды
2025 жылдың 10-14 қараша аралығында Қызылорда ашық университетінің шақыртуымен, екіжақты ынтымақтастық туралы келісім және академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының философия докторы (PhD) Отажонов Жамшидбек Машрабжонович 2-3 курс студенттеріне арнап дәрістер өткізуде.
Дәрістердің мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогика саласындағы халықаралық тәжірибемен бөлісу және жаңа ғылыми бағыттармен таныстыру.
Мұндай ынтымақтастық кездесулер студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, болашақ мамандардың кәсіби дамуына серпін береді.