Педагогикалық шеберлік пен тиімді әдіс тоғысы

Қызылорда Ашық университетінде оқытушылардың кәсіби тәжірибесін арттыру мақсатында «Тиімді оқыту және оқу тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысын педагогика ғылымдарының кандидаты Ешимова Ултай жүргізді.

Кездесудің мақсаты – болашақ педагог мамандардың білім сапасын арттыру үшін оқытудың тиімді әдістерін анықтап, тәжірибеге енгізу. Семинар барысында қатысушылар студенттердің жеке қажеттіліктерін ескеру, оқу үдерісін тиімді басқару және белсенді оқыту әдістерін қолдану жолдарын талқылады.

Сондай-ақ, қатысушылар жұптық жұмыстар арқылы әлемдік тәжірибедегі тиімді тәсілдерді саралап, өз тәжірибелеріне рефлексия жасады. Семинар соңында туындаған мәселелер бойынша шешімдер ұсынылып, «түйін шешу» жаттығуы өткізілді.

Семинарға Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының PhD докторы Отажонов Жамшидбек Машрабжонович қатысып, пікір алмасты.