«Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты семинар өтті
Қызылорда ашық университетінің «Экономика және басқару»кафедрасының бастамасымен 1-курс білім алушыларына ұлттық валютамыздың қалыптасу тарихына арналған «Теңге – тәуелсіздіктің нышаны» атты танымдық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экономикалық сауаттылығын арттыру, теңгенің ел тәуелсіздігі мен қаржы тұрақтылығының маңызды нышаны ретіндегі рөлін түсіндіру.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалынан арнайы мамандар шақырылды:
Алибекова Акмарал Киикбаевна – Экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы;
Жанысқызы Индира – Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысының орынбасары.
Қонақтар студенттерге ұлттық валютаның енгізілу тарихы, айналымдағы ерекшеліктері, инфляция деңгейі мен экономикалық тұрақтылыққа әсері жөнінде кеңінен ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді.
Семинар барысында студенттер Қазақстанның қаржы жүйесінің даму жолы, ұлттық валютаның мемлекет тәуелсіздігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі екені жөнінде тың мәліметтер алды.
Ұлттық валюта – тәуелсіздік пен елдік мәртебенің айқын белгісі. Осындай мазмұнды шаралар жастардың экономикалық мәдениетін қалыптастыруға және отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етеді.

