Заманауи оқулықтар көрмесі
Қызылорда Ашық университеті кітапханасының оқу залында «Жаңа кітаптар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – білім алушылар мен оқытушылар қауымына оқу үрдісіне қажетті заманауи әдебиеттерді таныстыру, ғылыми-педагогикалық бағыттағы басылымдармен толық ақпарат беру.
Көрмеге «Бастау», «ЭСПИ», «Кітап ал» интернет дүкендері мен «Альманах» баспасынан шыққан жаңа оқулықтар мен әдістемелік құралдар ұсынылды. Барлығы 150 дана жаңа басылым оқырмандар назарына қойылды.
Жаңа әдебиеттер топтамасы заманауи білім беру саласының негізгі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда:
– жасанды интеллект және робототехника;
– құқықтану; – педагогика және психология;
– дене тәрбиесі және спорт; – кітапхана ісі;
– экономика;
– инклюзивті білім берудегі жаңашыл әдістер бойынша әдебиеттер.
Көрмеге университет оқытушылары, студенттер және тұрақты кітап оқырмандары қатысып, жаңа кітаптармен танысып, білім ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алды.
Көрме оқу орны кітапханасының ақпараттық ресурстарын кеңейтіп, білім алушылардың ғылыми ізденісін дамытуға бағытталған мазмұнды шаралардың бірі болды.