Ұлттық мұраны дәріптеген үздіктер марапатталды

12 қараша 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда университетіміздің өкілдері құрметті сертификаттармен марапатталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына, ағартушы Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына және библиография саласының көрнекті ғалымы Роза Бердіғалиеваның 80 жылдығына арналған бұл конференция ұлттық библиографияның ғылыми мәні мен оны дамытудың заманауи бағыттарына арналды.

Іс-шараға «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының оқытушылары Есмағамбетова Гүлнара, Қоспанова Айымкүл , сондай-ақ БД-24-1 тобының студенттері Қайырбек Рүстем мен Сыдық Ақмаржан «Түркістан уалаятының газеті – қазақ баспасөзінің қарлығашы» атты мақаламен қатысып, белсенді еңбектері үшін сертификаттарға ие болды.

Құттықтаймыз! Жетістіктері жалғаса берсін!