Қорытынды аттестаттау кезеңі басталды

Қызылорда ашық университеті «Қызылорда технология және қызмет институты» құрылымдық бөлімшесі 6В04141– «Есеп және аудит», 6В04140 – «Экономика» және 6В11476 – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші курс студенттеріне қорытынды аттестаттау кезеңі басталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына сай және Қызылорда ашық университеті Қызылорда технология және қызмет институты білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі негізінде қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы, университеттің Ғылыми Кеңесі 29 желтоқсан 2022 жылғы № 5 хаттамасының шешіміне сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты – Абдимомынова Алмакул Шакирбековна комиссия төрайымы болып бекітілген.