Qyzylorda: студенттер жасанды интеллектпен бірге алаяқтардан сақтану тәсілдерін меңгерді
ҚМА Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Ашық университетінің студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша дәріс сабағын өткізді.
Іс-шараға 70-тен астам жастар қатысты. Сабақ ҚМА-нің жасанды интеллект офицері AI_DOS-ты пайдалану арқылы, интерактивті форматта өтті. Студенттер смартфонды қалай қорғау керектігін және зиянды қосымшаларды қалай анықтауға болатынын үйренді.
Сондай-ақ, Wifi желісінен келетін қауіп пен фишинг сілтемелер, дипфейктерді ажырата білудің қыр-сырын меңгерді.
Дәріс сабағында белсенділік танытқан студенттерге естелік сыйлық табысталды.