Студенттер күніне арналған мерекелік шара өтті
Қызылорда ашық университеті және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі бірлесіп ұйымдастырған 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың оқу, ғылым, спорт, өнер және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін насихаттау, олардың белсенділігін арттыру және жастар арасындағы бірлікті күшейту.
Шара барысында оқу орнының намысын түрлі бағыттарда абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік студенттер арнайы марапаттарға ие болды. Бұл алғыс хаттар – олардың табандылығының, еңбексүйгіштігінің және үздіксіз дамуға деген ұмтылысының айқын көрсеткіші.
Сонымен қатар, университетті әр жылдары аяқтаған танымал және белсенді түлектер салтанатты жиынға қатысып, студенттік шақ туралы жылы пікірлерімен бөлісті. Олар жас буынға ізгі тілектер жолдап, өз тәжірибесімен бөлісу арқылы мотивациялық бағыт-бағдар берді.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Университет әкімшілігі барша студенттерді мерекелерімен құттықтай отырып, білім жолындағы толағай табыстар мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейді.