2025 ICPC Қазақстан аймақтық кезеңі
2025 жылғы 15 қараша күні Кореялық Woosong University–дің Қазақстандағы филиалында ICPC халықаралық студенттік бағдарламалау олимпиадасының Қазақстан аймақтық кезеңі офлайн форматта өткізілді.
Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарынан үздік студенттер қатысып, алгоритмдік ойлау, командалық жұмыс және күрделі есептерді тиімді шешу дағдылары бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Қызылорда ашық университетінің атынан қатысқан команда аймақтық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, Honorable Mention сертификатына ие болды.
Команда құрамындағы арнайы сертификат иеленгендер:
• Ілияс Жүніспаев
• Дамир Құрманбаев
• Диас Русланұлы
• Еркеназым Ибрагимова – жетекші
Бұл жарыс студенттердің кәсіби дамуына, халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибе жинауына және жаңа білім алуына үлкен мүмкіндік берді.