«ЖАҢАРУ» РҚБ өкілі Қызылорда ашық университеті студенттерімен сұхбат өткізді
Бүгін Қызылорда ашық университетінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал директоры Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы студент жастармен арнайы сұхбат өткізді.
Кездесуге 6В01102 – Педагогика және психология, 6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6В01202 – Мектепке дейінгі оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В01407 – Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламаларында оқитын студенттер қатысты.
Шара барысында спикер жастарға құқықтық мәдениеттің қоғамдағы маңызы, жеке құқықтар мен міндеттерді білу, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілікті сезіну жөнінде кеңінен тоқталды. Сонымен бірге адалдық, парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру бағытында маңызды ақпараттар берілді.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін нығайтуға бағытталған құнды мәліметтер алды. Іс-шараға жалпы 55 студент қатысты.
Қызылорда ашық университеті алдағы уақытта да жастардың құқықтық санасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

