Қызылорда Ашық университетінде бір апталық оқу-әдістемелік дәрістерін сәтті аяқтаған Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының PhD докторы Отажонов Жамшидбек Машрабжоновичпен кездесу өтті.
Апта бойы оқытушы университеттің профессор-оқытушылары мен студенттеріне арналған дәрістер мен тәжірибе алмасу сабақтарын жүргізіп, педагогикалық үдерістің заманауи бағыттары, оқытудың тиімді әдістері және білім беру сапасын арттыру туралы құнды мәліметтермен бөлісті.
Сапар қорытындысында университет басшылығы тарапынан құрмет көрсетіліп, оқу орнының ғылыми-инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін Отажонов Жамшидбекке университет проректоры Бахытхан Әбдікаримовтың қолынан алғыс және ризашылық білдірілді.
Қызылорда Ашық университетінің ұжымы шетелдік әріптестермен байланыстарды нығайтуға, бірлескен ғылыми-әдістемелік жобаларды дамытуға әрқашан дайын екенін атап өтеді.