Қызылорда ашық университетінің студенттері «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауына белсенді қатысып, алғыс хатпен марапатталды!

«Ақ жол» демократиялық партиясы 2025 жылғы байқауға қатысқан студенттерге жетекшілік жасағаны үшін Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Орымбай Нұргүл Молдабайқызына ерекше алғыс білдірді.

Студенттердің белсенділігі мен шығармашылық ұмтылысы – университетіміздің үлкен мақтанышы. Мұндай жетістіктер студенттеріміздің талантын танытып қана қоймай, жастардың ел тарихына, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра түседі.