Халықаралық академиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды
Қызылорда ашық университеті мен Ресей Федерациясының «Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы» арасында академиялық әріптестік жөніндегі келісімшарт жасалды.
Келісім аясында екі жоғары оқу орны жоғары және кейінгі білім беру, ғылыми зерттеулер, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің академиялық мобильдігі, ғылыми жарияланымдармен алмасу, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру бағыттарында бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.
Екі тарап білім сапасын арттыруға, ғылыми байланысты нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара қолдау көрсетуді көздейді. Келісім бес жыл мерзімге жасалып, автоматты түрде ұзартылатын болады.
