Қызылорда ашық университетіне жаңа оқу-әдістемелік құрал сыйға тартылды

  Қызылорда ашық университетіне «SDU University» мекемесі тарапынан оқу үдерісіне енгізу мақсатында «Ағылшын тілінде оқыту бойынша оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік құрал: әлеуметтік ғылымдар» атты оқу-әдістемелік кітап сыйға тартылды.

  Аталған басылым профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруға, әлеуметтік ғылымдар саласындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту сапасын жақсартуға бағытталған.

  Қызылорда ашық университеті серіктес жоғары оқу орнына көрсеткен қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.